Ангелина Лукас ер адаммен болған төбелес пен сынған тісі жайлы айтып берді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Sport+ телеарнасының эфирінде ер адаммен болған төбелес пен сынған тіс жайлы айтып берді.
«Мен айтқанмын — егер ер адам қол көтеруге бет алса, бұл әрекетке тойтарыс берілуі керек. Ол маған жақын келіп, қол көтермек болды, сол сәтте менде рефлекс іске қосылып, қарсы соққы жасап, бір соққымен оның тісін сындырдым. Осылайша оның арсыз әрекетін тоқтаттым. Осы оқиғадан кейін көп адамдар: «Ангелина — агрессивті, онымен араласуға болмайды» деп айта бастады. Мен мұны естідім. Бірақ ойландым: неге әйелдерге осындай көзқарас бар? Неге ешкім ер адамның қол көтеруге тырысқанын сөз етпейді? Неге ол қызға тиісті деген әңгіме жоқ?
Мен бәрін дұрыс жасадым деп санаймын. Қыз өзін қорғай білуі керек. Иә, біз кәсіби спортшымыз, себепсіз жанжал шығармауымыз керек, бірақ қауіп төнген жағдайда, қорғана алуымыз қажет. Оның үстіне мен ол адамды ескерткенмін, шетке кеткенмін, бірақ ол қайта жақындады. Бірақ кейін бәрі тыныш аяқталды, ол кешірім сұрады».
Ангелина Лукаспен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.