Андрей Демченко «Ордабасы» мен «Торпедо Кутаиси» арасындағы кездесудің фаворитін атады

«Женис» футбол клубының бас бапкері Андрей Демченко Sport+ арнасына берген сұхбатында УЕФА Конференциялар лигасындағы «Ордабасы» мен Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубы арасындағы матчқа болжам жасады.
«Грузия футболы туралы айтсам, Кутаисидің „Торпедосы“ — елдегі жеке орны бар клуб. Олар Грузиядағы ең үлкен бюджеттердің біріне ие, сапалы легионерлер мен мықты жергілікті ойыншыларды шақыра алады. Құрамында деңгейі жоғары футболшылар бар, алайда соған қарамастан олар үш жыл қатарынан чемпион атана алмай келеді. Соңғы екі маусымда бірінші орынға жете алмады, биыл да маусымның басы өте ауыр өтті — тұрақсыз ойнап, бірінші айналымнан кейін турнир кестесінің төменгі жағында болды. Сол себепті айтарым: командада жақсы ойыншылар бар, бірақ проблемалар да жоқ емес, оларға қарсы ойнап, жеңіске жетуге болады», — деді бапкер.
Айта кетейік, Андрей Демченко соңғы бірнеше маусымда Грузияда жұмыс істеді — ол «Дила» мен «Динамо» (Батуми) клубтарын жаттықтырған.
Андрей Демченконың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.