Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

«Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти Бразилия ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
OK Diario басылымының мәліметінше, Бразилия футбол федерациясы италиялық маманмен келіссөздерді бастап, оған 2026 жылғы әлем чемпионатына дейінгі келісімшарт ұсынған. Федерация президенті соңғы шешім бапкердің өзіне байланысты екенін атап өтіп, жауапты мамыр айына дейін күтетінін жеткізді.
Бразилияда Анчелотти «Реалдан» кетуі мүмкін деп есептейді, себебі оған көрсетілетін қысым өте жоғары. Алайда бапкер әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ. Оның болашағы команда нәтижелеріне байланысты, қазіргі уақытта мадридтік клуб Ла Лигада 50 ұпаймен көш бастап, ең жақын қарсыласынан бір ұпайға озып тұр.