Әмір Омарханов: Қазақстанның ұзақ үзілістен кейінгі жаңа чемпионы атанғым келеді

17 жастағы Әмір Омарханов Қазақстан теннисі федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының финалына шыққаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
— Өмірімде алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шыққаныма өте қатты қуаныштымын! Бұл — мен үшін маңызды қадам әрі алға қарай жылжу үшін үлкен мотивация. Менің бапкерлеріме, командам мен, әрине, Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтамын.
Финал өте қызықты болатыны анық: мен жерлесім Григорий Ломакинмен кездесемін. Ол — қазіргі чемпион және турнир бойы тұрақты ойынын көрсетіп келеді. Григорий — мықты әрі тәжірибелі қарсылас, сондықтан мен толық дайындалып, бар күшімді салып, өзімнің ең үздік теннисімді көрсетуім керек. Біздің матч тартысты әрі көрерменге қызықты болады деп ойлаймын. Бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып, өз әлеуетімді көрсетуге тырысамын. Мүмкін, осы жолы ұзақ үзілістен кейінгі жаңа чемпион болу бақыты бұйырар. Жеңіске деген жігермен кортқа шығамын!
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!