logo

Амир Маймұратов спорттық өрмелеуден әлем кубогының кезеңінде «күміс» жүлдеге ие болды

Амир Маймұратов спорттық өрмелеуден әлем кубогының кезеңінде «күміс» жүлдеге ие болды

Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін, 4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті. 

Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы Синь Шань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.



Күн шежіресі