logo

Алматыдағы классикалық бәйгелердің нәтижесі

Алматыдағы классикалық бәйгелердің нәтижесі

17 мамырда Алматы ипподромында классикалық бәйге маусымының кезекті кезеңі өтті.

Спорттық бағдарлама 7 бәйгеден тұрды.

2 жасқа дейінгі айғырлар арасындағы 1200 метр қашықтықтағы жарыста маусымның ең жарқын тұлпарларының бірі — Қабанбай жеңіске жетті. Жокейі — Руслан Юлдашев.

1200 метр қашықтықтағы «Бастау» жүлдесі мен 1 миллион теңгені Тұрат Сатаров тізгіндеген Ресми жеңіп алды.

2 жасқа дейінгі биелерге арналған сынақ бәйгесінде (1200 м) Байқұрман Сабыржан тізгіндеген Құма мәре сызығын бірінші болып кесті.

1400 метр қашықтықтағы спринтерлік бәйгеде Расул Алпыспай тізгіндеген Вуа Кон Ми жеңіске жетті.

Қазақстанда туған 3 жасқа дейінгі тұлпарлар арасында 1400 метр қашықтықта «Жеңіс» жүлдесі ойнатылды. Бұл жарыста үздік болған — Шакир, жокейі — Олжас Абдихамит.

3 жасқа дейінгі биелер арасында «Лойны» жүлдесі мен 2 миллион теңгені Диас Жеңіс тізгіндеген Ай Самғау жеңіп алды.

Алматы миль жүлдесін Қайрат Доктурбаев тізгіндеген Аляска Тайгер ұтып алды.