logo

Алматыда Roland Garros Juniors турниріне іріктеу жарысы өтеді

Алматыда Roland Garros Juniors турниріне іріктеу жарысы өтеді

2025 жылғы 4–9 тамыз аралығында Алматыдағы Gorky Tennis Park корттарында тарихта екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault — Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Турнир Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының (ATF) қолдауымен ұйымдастырылады.

Орталық және Батыс Азия елдерінен 17 жасқа дейінгі 16 мықты теннисші жарысқа қатысып, 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Ролан Гаррос (Roland Garros) турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама үшін бақ сынайды.

Биыл париждік топырақта өнер көрсету құқығы үшін Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстаннан келген жас дарындар күреседі. Қазақстан намысын беделді жарыста Родион Трайгель, Мансур Саинов, Ратмир Пулькевич, Ансар Ниеткалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жанатаева, Адия Омарбек, Ляйсан Нурушева, Каролина Лигай және София Малышева қорғайды.



Күн шежіресі