Алматыда «Roland-Garros Junior Series» турнирінің жеңімпаздары анықталды
Алматыда 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс 17-22 тамыз аралығында «Gorky Tennis Park»кешенінің топырақ төсенішті корттарында өтіп, Орталық және Батыс Азия елдерінің үздік жас теннисшілерін жинады.
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ұлдар арасында Иран өкілі Киараш Садегизейди бірінші орын алды. Қазақстандық теннисші Родион Трайгелькүміс жүлдеге ие болса, тағы бір отандасымыз Бексұлтан Бауыржанов үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық Амир Аскаржарысты төртінші орынмен аяқтады. Осылайша, ұлдар арасында бірден үш қазақстандық теннисші үздік төрттіктің қатарына енді.
Қыздар арасындағы жарыста Өзбекстан өкілі Александра Бармичева жеңімпаз атанды. Қазақстандық Алуа Марат екінші орын алса, тағы бір қазақстандық теннисші Айым Қанағатова қола жүлдеге ие болды. Қазақстан намысын қорғаған Тамина Сакентөртінші орынға тұрақтады.
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін «Roland-Garros Junior Series by Renault» финалдық кезеңінде Батыс және Орталық Азия өңірінің атынан өнер көрсету құқығына ие болды.
Алматыдағы турнир өңірдегі жасөспірімдер теннисін дамытуға бағытталған халықаралық алаңдардың біріне айналды. Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі санатта да еліміздің үш өкілі үздік төрттікке енді.
«Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» турнирі Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жарысқа 16 жасқа дейінгі 16 ұл мен 16 қыз қатысты.