Алматыда медиа саласы өкілдері арасында BAQ Open турнирі өтеді
Қазақстан теннис федерациясы қалам ұстаған қауым мен PR саласы мамандарының басын қосатын дәстүрлі BAQ Open әуесқойлар турниріне өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Жыл сайынғы басқосу бұл жолы да БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылып отыр.
Медиа саласының серкелерін жинайтын дода елдегі ең жылдам әрі ауқымды интернет желісіне ие Beeline Janymda брендінің қолдауымен өткізілмек. Нағыз тартыс 27 маусым күні Алматыдағы су жаңа «Алатау» теннис орталығының топырақ корттарында қызады.
Осы уақытқа дейін BAQ Open тек жарыс алаңы емес, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын журналистер, блогерлер, операторлар, фотографтар мен монтаж шеберлерінің басын қосатын бірегей бейресми мінберге айналып үлгерді. Турнирдің басты мұраты – ақпарат айдынында жүрген әріптестердің байланысын нығайтып, жаңа қырынан үндесуіне мүмкіндік беру, сондай-ақ бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын өз үлгімізбен насихаттау. BAQ Open қатысушыларға тек корттағы текетіресті ғана емес, шынайы достық пен шығармашылық шабыт сыйлайды.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.