Алматыда Диас Омаров турнирі басталады. Тікелей эфир

23 наурыз күні КСРО және Қазақстанның белгілі комментаторы Диас Ильясұлы Омаровты еске алуға арналған футболдан дәстүрлі турнир өтеді.
Турнир Алматыдағы Орталық стадионның қосымша ашық алаңында өтеді және жарысқа еліміздің үздік журналистері қатысады.
2025 жылғы турнир қатысушылары:
1. ХАЛЫҚ ҚОРЫ
2. АЛМАТЫ ТЕЛЕАРНАСЫ
3. ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕАРНАСЫ
4. MUZZONE ТЕЛЕАРНАСЫ
5. EL MEDIA/365 info ҚҰРАМАСЫ
6. НАШ ФУТБОЛ КЗ
7. БАСКЕТБОЛ ФК (БЛОГЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ).
8. "СӘНІК"АУСОРСИНГ
9. Sport+Qazaqstan ТЕЛЕАРНАСЫ
10. ҚАЗАҚСТАН СПОРТТЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ
Барлық матчтарды sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Басталуы - 9:30