logo

Алматыда Байге чемпионатының 7-туры өтеді. Жарыстың тікелей эфирі

Алматыда Байге чемпионатының 7-туры өтеді. Жарыстың тікелей эфирі

13 қыркүйекте Алматыда OLIMPBET қолдауымен Қазақстан Республикасының Байге чемпионатының 7-іріктеу кезеңі өтеді.

Бұл тур аясында бірнеше жарыс ұйымдастырылады. Бағдарламаны Қазақстанда туған жылқылар қатысатын 11 шақырымдық Құнан бәйге ашатын болады. Бұл жарыстың жүлде қоры — 5,2 миллион теңге.

Топ бәйгеде шабандоздар 17 шақырым қашықтықта 7,1 миллион теңге жүлде қоры үшін бақ сынасады.

Аламан бәйгеде қашықтық 24 шақырымға дейін ұлғайып, сәйкесінше жүлде қоры 9,1 миллион теңгеге жетеді.

Сондай-ақ 6 шақырымдық «Үшқыр бәйге» де өткізіледі. Оның жүлде қоры — 1,3 миллион теңге.

Жарыстар сағат 13:00–де басталады. Тікелей көрсетілім Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан қолжетімді болады.



Күн шежіресі