logo

Almaty Open турнирінде Скатов, Шевченко және Жұқаев өнер көрсетеді

Almaty Open турнирінде Скатов, Шевченко және Жұқаев өнер көрсетеді

14 қазанда АТР 250 санатындағы Almaty Open теннис турнирінің негізгі торындағы екінші ойын күнінің матчтары өтеді.

Осы күні қазақстандықтар арасынан Тимофей Скатов пен Александр Шевченко жарысты бастайды, ал Әмір Омарханов пен Бейбіт Жұқаев жұптық сында кортқа шығады.

Sport+ телеарнасы турнирдің жұптық жарысының төрт матчы мен бір жеке кездесуі өтетін бірінші корттағы ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.

Арнала көрсетілетін матчтардың кестесі:

11:00 — Тристан Скулкейт (Австралия) — Адам Уолтон (Австралия)
12:30 — Жұп анықталуда — Якуб Пауль (Швейцария) / Матей Воцел (Чехия)
14:00 — Диего Идальго (Эквадор) / Патрик Трхач (АҚШ) — Джошуа Пэрис (Ұлыбритания) / Такеру Юдзуки (Жапония)
15:30 — Әмір Омарханов (Қазақстан) / Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) — Джеймс Дакворт (Австралия) / Адам Уолтон (Австралия)
17:00 — Ринки Хидзиката (Жапония) / Мак Кигер (АҚШ) — Константин Франтцен (Германия) / Робин Хаасе (Нидерланды)

Барлық ойындарды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.

 Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау