Алматы ерлер арасындағы командалық Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті (видео)
Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионатының финалында Алматы мен Қарағанды облысының командалары кездесті.
Матч есебі Алматының пайдасына 3:2 болды. Жеңісті Айдос пен Дастан Кенжегуловтар, сондай-ақ Санжар Жұбанов қамтамасыз етті.
Қарағанды құрамасы сапында Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков және Владислав Захаров өнер көрсетті.