Алюетов «Оқжетпесті» еурокубоктарға бастап барады: «Ертіс» – «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі
Бапкер Ринат Алюетов «Оқжетпесті» еурокубоктарға сенімді түрде бастап келеді. Команда турнир кестесінде төртінші орында тұр. Егер «Ордабасы» Қазақстан Кубогын жеңіп алса, төртінші орынның өзі Конференциялар лигасына жолдама береді.
Алайда олардың жолында мотивациясы жоғары «Ертіс» тұр. Оның үстіне павлодарлық клубты Премьер-лигаға алып шыққан дәл осы Алюетов болатын. Бірақ маусым басталар алдында бапкер өз штабы және бірқатар футболшылармен бірге Көкшетауға ауысты.
«Ертістің» де мотивациясы өте жоғары. Ерлан Шойтымов павлодарлық команданы ҚПЛ-дан түсіп қалудан құтқару үшін келді. Қазір команда турнир кестесінің соңғы орнында тұр. Дегенмен командалар арасындағы ұпай айырмашылығы өте аз болғандықтан, бір жеңіс жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Матч сағат 16:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.