logo

Али Алиев Қазақстан жастар құрамасын баптауы мүмкін

Али Алиев Қазақстан жастар құрамасын баптауы мүмкін

Қазақстандық маман Али Алиев Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

«Қызылжармен» 2025 жылдың соңына дейін келісімшарты бар бапкер қызметінен кетіп, жастар құрамасын қабылдауды жоспарлап отыр. Петропавлдық клубтың басшылығы оның орнына беларусиялық маманды тағайындауды көздеп отыр.

Еске салайық, Алиев «Қызылжарды» 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2022 жылғы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты. «Қызылжардың» Алиев басшылығындағы ең үздік нәтижесі – 2023 жылғы маусымдағы бесінші орын.