Әли Әлиев команданы тығырықтан шығара ала ма? «Жеңіс» – «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі
Қазақстан Премьер-лигасының 4-турында «Жеңіс» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды. Құрамын нығайтуына қарамастан, Әли Әлиевтің шәкірттері биылғы маусымда әлі жеңісті дәмін татпаған.
Халықаралық үзіліс кезінде астаналықтар «Ақтөбе» мен «Қайрат» сапында доп тепкен бразилиялық Элдер Сантанамен келісімшартқа отырды.
Ал «Оқжетпес» керісінше, әлі жеңіліс көрген жоқ. Дегенмен, күнтізбе бойынша Ринат Алюетов шәкірттері алғашқы үш турдың екеуін өз алаңында өткізгенін атап өткен жөн.
Айта кетейік, Алюетов бұрын «Жеңісте» жұмыс істеген, сондықтан бұл кездесу «Оқжетпестің» бас бапкері үшін де принципті сипатқа ие болуы мүмкін.
Астанадағы матч алдында «көкшетаулықтар» екі жаңа ойыншымен толықты: Бексұлтан Шәмші командаға қайта оралды, ал өзбекстандық Бектемир Абдуманнонов жалға алынды.
Ойын сағат 19:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.