Алексей Луценко «Тур де Франс» турнирін жалғастыра алмайды
«Астана» командасының қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Тур де Франс» - 2024 суперкөпкүндігінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық велошабандоз тізе жарақатына байланысты көпкүндікті аяқтауға мәжбүр болды.
Айта кетейік, кәсіби тасжол күнтізбесіндегі ең беделді веложарыс «Тур де Франс» 2024 жылы 29 маусымнан 21 шілдеге дейін өтеді.