logo

Александр Шевченко: Бүгін жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын»

Александр Шевченко: Бүгін жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын»

Дэвис Кубогының Әлемдік топ-1 плей-офф кезеңінің Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы алғашқы ойынында Александр Шевченко Чон Хёнды 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

«Мен елім үшін ойнаудың қаншалықты жауапты екенін түсінемін. Кейде матчтың басында жүйкемді ұстай алмаймын. Бірақ ойын біртіндеп жүре бастаған кезде және жанкүйерлер қолдауын сезіне бастағанда, өзімді жайлы сезініп, жақсы теннис ойынын қарсыласыма көрсете бастаймын. Мен шын жүректен командаға жеңіс әкелуді қалаймын, ұлттық құрамада ойнағанды жақсы көремін және ортақ жетістікке жету үшін барымды саламын. Бүгінгі қарсыласым мықты ойыншы, кезінде керемет нәтижелерге қол жеткізген, бірақ осы кездесуде мен фаворит болдым және оны кортта сезіндім. Сондықтан басты қарсыласым өз эмоцияларым болды.» - деді Шевченко ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Александр Бублик пен Квон Су Вон арасындағы екінші ойын жаңбырдың салдарынан аяқталмай қалды. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ойын ертеңге қалдырылды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!



Күн шежіресі