Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турниріндегі жарыс жолын жеңіспен бастады,  деп хабарлайды Sport+ ҚТФ сілтеме жасап. 

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирде 10-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 491-ракеткасы, австралиялық Танаси Коккинакиспен кездесті.

Кездесу бес сетке созылып, Бубликтің ерік-жігерінің арқасында 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 3 сағат 39 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 28 эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Александр Бублик іріктеу кезеңінен негізгі жарыс кестесіне шыққан әлемнің 139-ракеткасы, франциялық Кирьян Жакемен кездеседі.