Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде тарихи жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 62-орын) алғаш рет мансабында Үлкен дулыға турнирінің жекелей сында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sport+.
Франция ашық чемпионатының төртінші айналымында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді ерік-жігерінің арқасында жеңіп шықты.
Алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, Бублик кездесудің барысын өз пайдасына өзгертіп, сенімді жеңіске қол жеткізді — 5:7, 6:3, 6:2, 6:4.
«Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шығу үшін Александр Янник Синнер — Андрей Рублёв жұбының жеңімпазымен кездеседі.