logo

Айым Әбділдина: Бізге жаңашылдық керек

Айым Әбділдина: Бізге жаңашылдық керек

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайды. Себебі, біздің бірде-бір спортшымыз іріктеуден өткен жоқ. Осыған орай, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бұрынғы құрама мүшесі Айым Әбділдина Sportbugin.kz сайтына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Менің күрестен кеткеніме көп бол­­ды. Қазір мемлекеттік жаттық­тыру­шы болып қайта оралдым. Қыздары­мыз­дың Париж Олимпиа­дасына қа­тыс­пайтыны жанымызға батады. Бірақ амал жоқ. Қазіргі деңгей – осын­дай. Меніңше, ең бірінші кезек­ті бапкерлердің біліктілігін арттыру керек. Бәрі ескі әдіс-тәсілдермен жұ­­мыс істейді. Бізге жаңашылдық ке­рек деп ойлаймын.

Екіншіден, тәжірибелі балуандар ко­мандадан кеткен соң жаңа буыннан жарқырап ешкім шыққан жоқ. Жәмила Бақ­бергенова ғана жетістігімен қуант­ты. Қалған жас спортшылар өз әлеуетін көрсете алмады. Яғни, бізде резерв мә­се­лесі әуелден бар.

Үшіншіден, әйелдер күресі бізде ай­тарлықтай жақсы дамымаған. Біз күре­сіп бастағанда да жағдай осындай еді. Бірақ біздің буынның өкілдері шет­елде, тіпті мына Ресей мен Беларусьта өте­тін жат­ты­ғу жиындарына көп қа­тыс­ты. Со­лар­мен төбелесіп жүріп, кү­ре­­суді үйреніп алғанбыз. Бұлай айтсам, бап­кер­лер ренжитін шығар. Алайда бұл – шын­дық.

Ал қазіргі құраманың қыздарын шет­елдегі жарыстар мен жаттығу жиын­дарына апармайды. Нәтиженің тө­мендеуіне осы да үлкен себеп. Қаражат бөлініп жа­тыр, соны ретімен игеру керек», – дейді мемле­кет­тік жаттықтырушы, әйел­дер күресінен ұлттық құ­ра­маның бұрынғы мүше­сі Айым Әбділдина.