logo

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын: Елдос Сметов

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын: Елдос Сметов

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қарағандыға барып, аралас жекпе-жектен NAIZA турнирінің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Арасында ат мінгізіп, шапан жапқандары бар. Желіде Елдос Сметовтің сол отырыстардың бірінде анасы, әйелдер туралы айтқаны желіде тарап кетті.

«Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы» дейді. Жердің үстінің жақсы болуын сезіндіретін ұрпақтарыңыз көп болсын. Ұлттық құрамаға алғаш келген кезде 18 жаста болатынмын. Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әні хит болып тұрған сәт. Жаттығуда күнде ыңылдап сол әнді айтып жүремін. Қасымдағы ағаларым айта бермеші дейтін. Ерекең (Ержан Шынкеев – ред) көрсе басқа ән білмейсің деп ұрысатын. Шамалы күннен кейін өздері де айтатын болды. Сондай қызықты сәттер көп», - дейді Елдос Сметов.

Спортшы осы ретте «Мамасының баласы» деп айыптайтындарға жауап берді.

«Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ», - дейді спортшы.