logo

Айбар Жақсылықов сұрмергендер сапына қосылды

Айбар Жақсылықов сұрмергендер сапына қосылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов «Тұранмен» ойында осы Чемпионаттағы жетінші голын соқты, деп хабарлайды Sport+.

Осылайша, қызылордалық «Қайсар» ойыншысы қазіргі уақытта ТОП-5 сұрмергендер тізіміне енді. Ал он голдан соққан Ислам Чесноков («Тобыл») пен Жоао Пауло («Қайрат») аталмыш тізімде көш бастап тұр.