logo

Африка Ұлттар кубогының 1/8 финалындағы Мали – Тунис матчының тікелей эфирі

Африка Ұлттар кубогының 1/8 финалындағы Мали – Тунис матчының тікелей эфирі

Африка Ұлттар кубогының 1/8 финалындағы екінші матч аясында Мали мен Тунис ұлттық құрамалары кездеседі.

Тунис бұл турнирге Африка Кубогының басты фавориттерінің бірі ретінде келген еді, алайда топтық кезеңде команда ойыны жүрмей қалды: Нигериядан жеңіліп, Танзаниямен тең түсті. Топтық кезеңдегі оң нәтижені тек «Копенгаген» клубының шабуылшысы Элиас Ачури ғана өз есебіне жаза алады — ол екі гол соқты, бірақ олардың екеуі де топ аутсайдері Уганда құрамасының қақпасына соғылған.

Ал Мали өз кезегінде үш матчтың үшеуін де тең нәтижемен аяқтады, оның ішінде турнир қожайыны Марокко құрамасымен өткен ойынды да бар. Үш матчта небәрі 2 гол жіберіп, дәл сонша гол соқты. Бұл екі голдың авторы — француздың «Осер» клубында өнер көрсететін шабуылшы Лассина Синайоко.

Бұл құрамалар арасындағы соңғы екі кездесу де тең аяқталған: 2022 жылы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде — 0:0, ал 2024 жылы Африка Ұлттары Кубогы аясында — 1:1. Айта кетерлігі, сол ойында Мали құрамасының жалғыз голын да Синайоко соққан.

Командалардың жаңа кездесуі 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні өтеді. Бастапқы ысқырық 00:00–де естіледі.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі