Африка футболындағы жанжал: ойыншы 1990 жылы дүниеге келді, ал анасы 1986 жылы дүниеден озды
Габон ұлттық құрамасы мен сербиялық «Црвена Звезда» командасының ойыншысы Гелор Канга 1990 жылы дүниеге келген, бірақ жаңа мәліметтер бойынша оның анасы 1986 жылы дүниеден озған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осыған байланысты Канга Ұлттар кубогының алдында Африканың ұлттық футбол қауымдастықтарының (CAF) тәртіптік комитетіне шақырылды.
Аталмыш әрекеттерді Конго футбол федерациясы талап етті, себебі олар Канганың Габонда емес, Конго мемлекетінің аумағында дүниеге келгеніне сенімді. Тергеу мәліметтері бойынша, Гелор 1990 жылы емес, 1985 жылы дүниеге келген және оның шынайы аты Кикаку-кикаку Киангана. Ал оның анасы 1986 жылы қайтыс болды, яғни бұл ойыншының ресми туған күнінен бірнеше жыл бұрын.
Канга Ресей чемпионатында «Ростов» командасының құрамында өнер көрсетті.