Абзал Бейсебековтің «Астана» клубындағы рөлі белгілі болды

ФК «Астана» клубының спорттық директоры Игорь Павлюк Sport+ арнасының «Футбол Плюс» бағдарламасында «Женис» командасымен өткен матч туралы айтып, Абзал Бейсебековтің сол ойынға және жалпы командаға әсерін бағалады.
«Турдың ерекшелігі — көптеген ойыншылар алмасулардан кейін гол соқты. „Астана“ мен „Женис“ арасындағы ойында Абзал есеп 1:2 болғанда ойынға кірді де, команданы алға сүйреп шықты. Ол орталық жартылай қорғаушы ретінде тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да көмектесуге тырысты. Абзалдағы ең жақсы қасиеттерін осы ойын барысында көрсетті. Бас бапкер Григорий Бабаян уақытылы ойынға әсер ететін алмасулар жасады. Нәтижесінде Бейсебеков, Рамазан Кәрімов пен Эльхан Астанов қажетті үш ұпайды алып келді. Бірінші таймда ойын осылай дамитынына сену қиын болды, тез гол өткізіп алып, ойыннан шығып қалғанбыз, ойынға кіру ұзаққа созылды. Дегенмен 10 минут ішінде есепті теңестірдік, бірақ бірінші таймдағы ойын мазмұны бізге сенімділік бермеді. Дегенмен ойыншылар матч алдында сенімде болды, кубок ойынынан кейін қарсыластың күшін түсініп, жанкүйерлік дерби болғандықтан үлкен дайындықпен шықтық. Менің ойымша, Абзал — турдың ең үздік ойыншысы, себебі дәл ол ойын барысын өзгерткен адам», — деді Павлюк.
— Абзалдың қазіргі командадағы рөлі қаншалықты маңызды, ол әрқашан бастапқы құрамда ойнамайтын болса да?
— Оның рөлін бағалау қиын, себебі ол клубтың аңызы, дәстүрлерін сақтап келе жатқан ойыншы. Ол мен Томасов — екі тірек, олар киім ауыстыратын бөлмедегі микроклиматты ұстап тұрады. Көп нәрсе Абзалдың беделіне, ойын шеберлігіне және жастарға тәжірибе беруіне байланысты. Қазір Абзалсыз команданы елестету қиын.
«Футбол плюс» бағдарламасының толық эфирін төменнен көре аласыз.