logo

Абиба Абужақынова: Білімсіз адам күресе алмайды

Абиба Абужақынова: Білімсіз адам күресе алмайды

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Абужақынова Ақырыс Сейтқазы подкастында жоғары білім алып жүргенін және спортшылар үшін білімнің маңыздылығын айтты:

«Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінде оқимын. Емтихан, тест болсын, ауызша, жазбаша түрде барлығын өзім тапсырамын. Арасында сабаққа барып тұрамын. Апайларым кейде ұрсады: «Спорт дей бермей, сабақты да оқу керек» деп. Мен болсам, Олимпиадаға дейін босата тұрыңыздар деп өтініш білдірдім. Дегенмен, Парижге кетуімізге бір апта қалғанда төрт емтихан тапсырып кеттім.

Білім бәріне керек. Білімсіз адам күресе алмайды бәрібір. Татамиде тез ойлану керек. Жетінші сыныпқа дейін жақсы оқыдым, кейін дзюдо мен баскетболға көп көңіл бөлдім. Қазір мен ағылшын тілін меңгеріп жүрмін, күнделікті жаңа сөздер жаттаймын»