Абай облысында бұрын-соңды болмаған бәйге өтеді
21 маусым күні Абай облысында 135 шақырымға жалғасатын ерекше ат жарысы өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлемдегі ең ұзақ ара қашықтықтың біріне өтетін бәйге ASSYL TULPAR сайысы Ақсуат ауданында ұйымдастырылады. Жарыс жолынан еліміздің барлық аймағынан үздік жылқылар шығады. Көрермендер жеті сағат үздіксіз ат додасын тамашалайды.
Жеңімпазға автокөлік табысталмақ. Сонымен қатар, 2-7 орын иеленгендерге де ақшалай сыйақы қарастырылған.
ASSYL TULPAR аясында тағы 25 шақырым «Аламан бәйге» және 15 шақырым «Топ бәйге» ұйымдастырылады. Бұл сайыста да үздік атанғандарға автокөлік табысталмақ.
Бұл шара «Асыл бесік — Ақсуат» фестивалінің аясында өтеді. Бәйге Астанада қыркүйек айында өтетін Дүниежүізілік Көшпенділер Ойындарын қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.