logo

А Сериясының көшбасшысы Суперкубок үшін таласқа түседі. «Болонья» – «Интер» матчының тікелей эфирі

А Сериясының көшбасшысы Суперкубок үшін таласқа түседі. «Болонья» – «Интер» матчының тікелей эфирі

Италия Суперкубогының екінші жартылай финалында ел Кубогының қазіргі иегері мен Серия А турнир кестесінің көшбасшысы өзара кездеседі.

«Болонья» бұл жарысқа өз тарихында алғаш рет қатысқалы отыр, ал «Интер» соңғы 20 жылда Суперкубокты 7 рет жеңіп алған.

2025 жылдың басында өткен алдыңғы маусымда да «Интер» қалаған трофейге бір табан жақын болды, алайда финалда өз жерлестері – «Миланға» жол берді.

Ағымдағы маусымда командалар әлі кездескен жоқ. Ал өткен маусымда Серия А аясында «Болонья» «Интерді» өз алаңында жеңіп, сырт алаңда 2:2 есебімен тең ойнаған.

Матч 19-нан 20 желтоқсанға қараған түні, сағат 00:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі