25 миллион үшін тартыс. OLIMPBET Қазақстан бәйге чемпионатының 2-турының тікелей эфирі
16 мамыр күні Талдықорғанда OLIMPBET Қазақстан бәйге чемпионатының 2-туры өтеді.
Бұл күні еліміздің үздік шабандоздары бірнеше дисциплина бойынша бақ сынасады — Қазақстанда туған жылқылар арасындағы «Құнан бәйге», «Топ бәйге» және «Аламан бәйге».
Барлық жарыстардың жалпы жүлде қоры шамамен 25 миллион теңгені құрайды.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.