2026 жылдың алғашқы медальдарын қазақ каратэшілері жеңіп алды
Грузияның астанасы Тбилисидегі каратэ турнирі А санатында өтті, деп хабарлайды Sport+.
Кумите бағдарламасында, -60 келі салмақ дәрежесінде Нурасыл Муса күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда Иран өкілі Мухаммед Гударзянға жол берді.
Сол салмақтағы тағы бір спортшымыз Турар Колпақбай ширек финалға дейін жетті.
Ал Олжас Алтынбек -67 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін болған шайқаста Иран өкілі Вафа Хуссейнді айқын басымдықпен (9:1) жеңді.