logo

2025 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атансам деймін: Төрехан Сабырхан

2025 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атансам деймін: Төрехан Сабырхан

Төрехан Сабырхан қараша айының басында ғана Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарып, «ең үздік боксшы» номинациясын иеленген, деп хабарлайды Sport +.

Қазіргі сәтте Астана төрінде ересектермен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Осы орайда болашағынан үміт күттірер 18 жастағы жерлесіміз Elordainfo.kz. сайтына берген сұхбатында алдағы мақсат-міндеттері туралы айтты.

«2025 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атансам деген мақсатым бар. Ал Лос-Анджелес Олимпиадасында топ жарсам, кәсіпқой бокс туралы ойлануға болады.

2028 жылға дейін екі Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлаудамыз. Бүгінгі күнге дейін қазақ боксшыларының арасында әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпады. Осы жетістікке жету үшін тер төгемін», - деді Төрехан Сабырхан.