18 жастағы Бағдаттың қос голы «Қайратқа» өз алаңында жеңіске жетуге көмектесті

Алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында «Тұранды» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Дубльдің авторы – 18 жастағы Рамазан Бағдат. Бұл голдар оның ел чемпионатындағы алғашқы голдары болды.
Сондай-ақ, алматылық команданың жаңадан қосылған ойыншысы Рикардиньо мен Юг Станоев те бір-бір голдан соқты.