17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті (видео)

Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жекелей сында ерлер мен әйелдер арасындағы финалдық матчтар аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер финалында қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Григорий Ломакин кездесті.
Алтын медаль үшін өткен матчта күтілгендей тартыс болмады: бірінші сетте жеңісті Амир 6:1 есебімен жеңіп алды, ал екінші партияда Ломакин бел жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.
Турнирдің қола медалін Ислам Орынбасар жеңіп алды — оның қарсыласы Тимур Мәуленов жарақатына байланысты кортқа шыға алмады.