12 матч қатарынан жеңіліссіз: «Трабзонспор» «Бешікташпен» тең ойнады (видео)
«Трабзонспор» Түркия чемпионаты аясында «Бешикташқа» қарсы өткен матчта тең нәтижеге қол жеткізді.
«Трабзонспор» керемет формада — Фатих Теккенің шәкірттері барлық турнирлерде қатарынан 12 матч бойы жеңіліс көрмей келеді.
Соңғы турда «Дауылдар» 0:2 есебінен камбэк жасап, «Бешикташпен» 3:3 есебімен тең ойнады.
«Бүркіттер» сапында Тэмми Абрахам мен дубль авторы Вацлав Черны гол соқты. Ал «Трабзонспор» құрамында Эрнест Мучи, Крист Инао Оулаи және Александр Зубков мергендік танытты.