logo

Жұртты жалықтырып жіберді: Америкалық маман Жәнібек Әлімханұлын сынады

Жұртты жалықтырып жіберді: Америкалық маман Жәнібек Әлімханұлын сынады

Әлеуметтік желіде жиі жазба қалдырып, даңқты боксшыларды жекпе-жекке шақырудан жалықпайтын Жәнібек Әлімханұлы сын астында қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бокс шоуларын ұйымдастырумен айналысатын америкалық телепродюсер Марк Ортега қазақ боксшысын «жұртты мезі етті» деп айыптады.

Еске салсақ, Жәнібек күні кеше X әлеуметтік желісінде WBC бойынша әлем чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырған болатын.

«Менің Аустралиядағы жекпе-жекте қанша сыйақы алатынымды бәрі біледі. Маған ақша маңызды емес! Маған атақ маңызды! Бокс – бұл бизнес емес. Бұл – спорт. Чемпион чемпионмен төбелесуі керек!

Карлос, мен 4 қазан күні Аустралияда жұдырықтасамын. Сенен келісімшарт күтемін. Қаңтар немесе ақпанда айқас ұйымдастырайық. Келісімшартты жібер», - деп жазды Әлімханұлы.



Күн шежіресі