Жұмағұлов Алматыда өтетін турнирде американдық спортшымен жұдырықтасады
Қазақстандық NAIZA промоушені Алматыда NAIZA 57 турнирінің өтетінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнир 24 ақпан күні «Алматы Аренада» өтеді. Кештің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов (15-9) және америкалық Кливленд Маклин (17-11) арасындағы жекпе-жек болмақ.
Кештің ортақ жекпе-жегінде қытай қазағы Тайлақ Нұражы (8-1) бразилиялық Дуглас Де Оливейрамен (13-7) кездеседі.
Сонымен қатар бұрыңғы лиганың чемпионы, аты аңызға айналған Жұман «Арлан» Жұмабеков (13-7) пен қырғызстандық Қанат «Тайсон» Келдібековтің жекпе-жегі кештің басты кардын толықтырады.