logo

Зілтемірші Любовь Ковальчук Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды

Зілтемірші Любовь Ковальчук Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 86 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

Ковальчук жұлқа көтеруде 117 келіні еңсеріп, күміс медальға ие болды.

Ал Қатар спортшысы Уисал Икхлеф те 117 келіні көтеріп, жеңімпаз атанды. Өзбекстандық Турсуной Джабборова (116 келі) үздік үштікті түйіндеді.



Күн шежіресі