logo

Жібек Құламбаева Қытайдағы WTA 125 турнирінде жұптық сынның чемпионы атанды

Жібек Құламбаева Қытайдағы WTA 125 турнирінде жұптық сынның чемпионы атанды

Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясыняң турнирінде жұптық сынның чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Финалда Жібек словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жапондық Аяно Симицу/Момоко Кобориді бір сағаттан аса уақыт ішінде 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл атақ 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы алғашқы жетістігі болды. Бұған қоса, қазақстандық теннисші жұптық сында ITF турнирлерінде 35 рет топ жарған.