Жібек Құламбаева Қытайдағы Челленджер турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен Челленджер турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Бірінші айналымда ол Шию Ені 6:2, 6:2 есебімен жеңсе, финалда тағы бір қытайлық теннисші Мэйки Гоны 6:1, 7:6 есебімен ұтты.