Жібек Құламбаева Доминиканадағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирінде жарысты бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алғашқы айналымда турнирдің үшінші теннисшісі бразилиялық Каролину Борер Мартинштен 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
Келесі айналымда Жібек испаниялық Виктория Гомеспен күш байқасады.
Бұған дейін Құламбаева жұптық сынды да жеңіспен бастады.