Жібек Құламбаева: Бір-екі мүмкіндікті пайдаланғанда, үшінші сетте оларды жеңіп кетер едік

Жібек Құламбаева: Бір-екі мүмкіндікті пайдаланғанда, үшінші сетте оларды жеңіп кетер едік

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Sport+ арнасына берген сұхбатында Испанияға қарсы матч туралы айтып берді.

«Матч қиын өтті. Бастапқыда ойынға бірден кірісе алмадық, брейктер болды, мәжбүрлі емес қателер көп жібердік, ал испаниялықтар ойынды жақсы бастады. Екінші сетте тартыс басталды, брейкпен алға шықтық, қарсыластың добын қабылдау кезінде пайдаланылмаған мүмкіндіктер көп болды. Бірінші сетке қарағанда әлдеқайда жақсы ойнадық, бірақ сәл ғана жетпей қалды. Өте ұзақ геймдер болды. Мүмкін, бір-екі мүмкіндікті пайдаланғанда, үшінші сетке дейін жеткізіп, сол жерде оларды жеңіп кетер едік. Жүйкеге біраз салмақ түсті, бірақ командалық матчтарда үнемі осылай болады», — деді Жібек Құламбаев. 

Жібек Анна Данилинамен жұптасып өнер көрсетіп, испаниялық теннисшілерге екі сетте есе жіберді.

Beeline-нан тиімді бағадағы үй интернеті — бірде-бір турнирді жіберіп алмау үшін 24 сағат ішінде қосылады.



Күн шежіресі