logo

«Жетісу» қатары бразилиялық аяқдопшымен толықты

«Жетісу» қатары бразилиялық аяқдопшымен толықты

25-жасар бразилиялық қорғаушы Эливелтон Талдықорғанның «Жетісу» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Аталмыш ойыншы сол қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды. Бразилиялық аяқдопшы үшін бұл алғашқы шетелдік клуб, ол бұған дейін тек өз Отанында өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта «Жетісу» ҚПЛ кестесінде 9-орында. Екі турдан соң талдыкорғандық клубтың еншісінде үш ұпай бар.