«Женис» португалиялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады

28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Руй Баталья «Женис» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руй өзінің кәсіби мансабын 2015 жылы Португалияның «Мальвеира» футбол клубында бастаған. Сондай-ақ ол «Дезембро», «Оливейра-ду-Ошпитал», «Алверка», «Кова-да-Пьедади», «Жил Висенте» және «Реал Келуш» португалиялық клубтарында ойнаған.