logo

«Жеңіс» екі легионермен қоштасты

«Жеңіс» екі легионермен қоштасты

Елордалық «Жеңіс» 31 жастағы грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая мен 24 жастағы хорватиялық қорғаушы Марин Беланчичтің командадан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Футболшылардың клубпен келісімшарт мерзімі аяқталды.

Өткен маусымда Георгий елордалық команданың құрамында 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Ал Марин өткен маусымда 28 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.



Күн шежіресі