Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы келесі қарсыласын білді
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (13-0, 10 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе жегіне дайындалуда. Бұл кездесу 1 ақпан күні Бангкокта (Таиланд) өтеді, деп хабарлайды Sport+
Irfin Promotions пен TL Boxing Promotion TNT ұйымдастыруымен өтетін кеште Төлебай Амирхоссейн Арзимен (2-0, 2 КО) жұдырықтасады. 23-жасар ирандық боксшы әуесқой бокста бірнеше дүркін өз елінің чемпионы. Содан соң кәсіпқой мансабын бастау үшін Таиландқа көшіп келген. Арзи екі жекпе жек өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жеткен. Әсіресе соңғы кездесуде белгілі тай Апинун Кхонгсонгты (24-4, 20 КО) жеңгені жанкүйер есінде қалған. Өйткені ол IBF титулына үміткер еді.