logo

Жеңіл салмақтадағы әлем чемпионы: Балауса Мұздиман өзіне қарсылас таңдады

Жеңіл салмақтадағы әлем чемпионы: Балауса Мұздиман өзіне қарсылас таңдады

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздиман Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында қай қарсыласпен жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы ой бөлісті.

- Әлемдік рейтингтегі менің салмағымда Дина (Дина Торслунд) деген Дания елінің боксшы қызы бар, сол қарсыласпен жекпе-жек өткізгім келеді. Одан бөлек мексикалық қыздар бар, соларменде жекпе-жек өткізу ниетім бар, - деді Мұздиман.

Дина Торслунд 1993 жылы дүниеге келген даниялық боксшы. Торслунд — жеңіл салмақтағы (WBO, 2021; WBC, 2023) және 2-ші жеңіл салмақтағы (WBO, 2018-2021) әлем чемпионы. Сонымен қатар 2-ші салмақтағы уақытша әлем чемпионы (WBC, 2018).

Балауса Мұздиман жеті жыл үзілістен кейін кәсіпқой боксқа қайта оралды. Алдағы жоспарлары, жекпе-жектерін үзбек қарайтын боксшылар және кәсіпқой бокстағы қаламақы туралы спортшының пікірін біздің YouTube-арнамыздағы сұхбаттан көруге болады.