logo

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұлының жетістігін көрсетіп, қуанышын бөлісті

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұлының жетістігін көрсетіп, қуанышын бөлісті

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден қола жүлдегер атанған спортшы Ольга Рыпакова ұлының жетістігі туралы айтып, жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшының Instagram парақшасындағы жазбасына қарағанда ұлы Кирилл Өскемен қаласының жеңіл атлетикадан ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Жарыс 2011-2013 жылдары туған балалар арасында өткен. Спортшының ұлы бірінші орын алған.

«Балалар жетістікке жеткен кезде, әрдайым олар үшін мақтаныш сезімі болады. Сондай-ақ, балалардың сүйікті ісімен айналысқанына қуанасың. Бұл сенің жеңістеріңнің соңы емес екеніне сенімдімін, балам», – деп жазды Ольга Рыпакова Instagram парақшасында.