Жасөспірімдер Талғарда жаттығуда
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйекте басталып, 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Дайындық аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді.
Тізімге 26 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мадияр Төлеубек («Ақсу»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Кыран»), Бахтияр Алдашев, Данила Буч («Қайрат»);
Қорғаушылар: Әкежан Каликулов, Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Әлихан Жексенбек («Астана»), Хасен Артурұлы, Марғұлан Амантурлин (екеуі де – «Ақтөбе»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания);
Жартылай қорғаушылар: Даниял Назаров, Руслан Уалихан (екеуі де – «Астана»), Аламгир Смақов (клубсыз), Алиден Мұсайыпов, Абылай Төлеухан, Төре Исмағұлов, Евгений Петрик (бәрі – «Қайрат»);
Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Исмаил Бекболат, Абылай Жылқайдар, Дастан Сәтпаев, Артур Трубин, Дәулет Орынбасар (бәрі – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Мақсат Абраев («Астана»);
Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы, Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – видео-оператор, Бакыт Абильдинов – видеосарапшы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Еламан Саурбаев – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.