Зарина Диас Жапониядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Зарина Диас Жапониядағы ITF W50 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда Зарина Қытай өкілі Мейлин Ванды 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңді.
Финалда Диас жапониялық Аяну Шимицумен кездеседі.